Бишімбаев апелляциялық сотта: «Шындық ешкімге керек емес екен»

2117
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 26 маусым Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Маған дәлелдер келтіруге мүмкіндік берілмеді. Мен бұл туралы сот барысында бірнеше рет айттым, бірақ олар бізге ешқандай ақпарат бермеді. Рас, менің түсінігімше, шындыш ешкімге керек емес, шешім алдын ала қабылданған, сондықтан бәрі бұрыннан айтылған. Мен адвокаттардың ұстанымын қолдайтынымды ғана айта аламын», - деді Бишімбаев сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде.

Сот отырысы сағат 10.00-де басталып, үзілістен кейін 14.30-да жалғасты. Алғашқы болып сөз алған Бишімбаевтың адвокаттары – Ерлан Ғазымжанов, Ләйлә Рамазанова, Назкен Құсайынованың сөзі айтылды. Жәбірленушілер атынан марқұмның ағасы Айтбек Амангелді, адвокат Жанна Уразбахова, Игорь Вранчев және Әлия Омарова қатысуда.

Еске салайық, Салтанат Нүкенова 2023 жылдың қарашасында айуандықпен өлтірілген болатын. Сот Нүкенованың өліміне күйеуі, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды. Гастро орталығының директоры, экс-шенеуніктің туысы Бақытжан Байжановты сот ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Енді Бишімбаевтың адвокаттары азаптау бойынша сот үкімін жойып, жазаны жеңілдетпек. Адвокаттар сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сот процесінде бірқатар заң бұзушылықтарды атап өтті.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер