БҰҰ Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтату керектігін айтты

1498
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Majdi Fathi/Global Look Press
Сурет: Majdi Fathi/Global Look Press

БҰҰ Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі EuroNews-ке сілтеме жасап.

Ұйымның адам құқықтары жөніндегі сарапшылары бұл ескертуге құлақ аспаған компаниялардың адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертті.

«Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жіберу адам құқықтары мен халықаралық гуманитарлық құқықты елеулі бұзу болып саналады. Ол мемлекеттің халықаралық қылмыстарға, соның ішінде геноцидке қатысу қаупін тудыруы мүмкін», - делінген баяндамада.

Сондай-ақ БҰҰ қару-жарақ саудасы мен тасымалдауды қаржыландыратын компанияларды жауапкершілікке шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Израильге мыңдаған бомба беруді тоқтатқан еді. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху елдің жалғыз күресе алатынын айтып, «Қажет болса, израильдіктер тырнағымен де соғысады» деген мәлімдеме жасады.

Пікірлер