Марат Ахметжанов: Әкімдер құқық бұзушыларды айыппұлға тартуы керек

1369
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының барлық деңгейдегі әкімдерінің форумында санитариялық тазалау және абаттандыру мәселелері көтерілді.

«Облыстың көптеген ауылдық елді мекендерінде сыртқы келбеті, абаттандыру деңгейі және өмір сүру жағдайлары бойынша көптеген түйткіл мәселелер бар», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Мысал ретінде өңір басшысы қоқысқа «батып кеткен» Ерейментау қаласын келтірді.

Тұрғындардың бірнеше шағымдары мен облыс әкімінің жеке араласуынан кейін ғана мәселе шешілді. Мұндай проблемалар барлық жерде кездеседі.

«Мемлекет басшысы бұл мәселенің маңыздылығын «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұлттық құрылтайында атап өткен кезде: «Абаттандыру және санитариялық тазалау мәселелерінде көптеген проблемалар бар. Қолданылған шараларға қарамастан, жыл сайын елді мекендерде жаңа рұқсат етілмеген полигондар орын алуда. Әкімдер құқық бұзушыларды әкімшілік жазаларға (айыппұлдарға) тартуы керек, ол үшін сіздерде заң деңгейінде өкілеттік бар», - деді М.Ахметжанов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер