«Ақша жинайды». Ринат Зайытов ата-аналар мен мұғалімдерден шағым түсіп жатқанын айтты (ВИДЕО)

992
Adyrna.kz Telegram
Сурет: egemen.kz
Сурет: egemen.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ата-аналар мен мұғалімдерден мектептерде заңсыз ақша жинау фактісі бойынша түрлі шағым түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құрметті қазақстандықтар, қадірлі ата-аналар! Біздің әлеуметтік-мәдени даму комитетіне, депутаттардың атына күтпеген хаттар түсіп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде мектептегі жөндеу жұмыстарына ақша жинау, кейбір жерлерде мұғалімдерден, ата-аналардан талап еткен фактілер бар деген шағым түсуде. Осы мәселені Оқу-ағарту министрлігінің өкілімен талқыладық. Бұл мәселені бір емес, бірнеше рет қайталанбау үшін жұма күнге дейін мен ғана емес, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттарына «eOtinish» арқылы хат жаза аласыздар. Дәулет Мұқаев, Нартай Аралбайұлы, Таңсәуле Серіков және басқа депутаттардың атына хат жолдауларыңызға мүмкіндік бар. Бастысы, қай мектеп, қашан болғанын нақты көрсетіңіздер. Мәселені бірігіп шешейік»,—деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде түрлі себеппен қаражат жинау мәселесі туралы пікір білдірген еді.

«Ең алдымен, кез келген азамат ақша жинау фактісі туралы колл-орталыққа хабарлай алады. Екіншіден, бұйрыққа бағынбай, бұрынғы «дәстүрді» жалғастырған мектеп басшылығына шара қолданылады. Яғни, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылып отыр»,—деді министр.

<

Пікірлер