8 жастағы қазақстандық шахматшы Азия чемпионы атанды

4149
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

18 маусымда қазақстандық Ризат Ұлан 8 жасқа дейінгі шахматтан Азия чемпионы атанды. Дода Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

Жас шахматшы қарсыластарын чемпионаттың аяқталуына 1 тур қалғанда жеңді.

U8 санатында Ризат Ұлан (1733) 7½ ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын рапид жарысының алғашқы жеңімпаздары белгілі болған. Рапидте алтын медаль иегерлері – 4 қазақстандық, 3 ФИДЕ (Ресей) шахматшысы, Үндістан (3), Вьетнам (1) және Ираннан  (1) келген жас шахматшылары болды.

650-ге жуық азиялық жасөспірімнің басын қосқан ауқымды чемпионаттың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 20 маусым күні сағат 19.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Пікірлер