Депутат Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындала ма?

2189
Adyrna.kz Telegram
Фото: Олжас Мамыр парақшасынан
Фото: Олжас Мамыр парақшасынан

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Парламенттен кететіні жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ көздерінде Мақсат Толықбайдың депутаттық креслосын Шымкент қаласы әкімдігіне ауыстыратыны айтылуда.

Бейресми деректерде Толықбаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалатынын хабарланып жатыр.

Facebook белсендісі, шымкенттік блогер Олжас Мамыр желідегі парақшасында:

"Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары Мақсат Толықбай болуға әбден лайықты. Себебі лайықты санайтындар көп", - деп жазды.

Ал журналист Ақбөпе Тәңірберген Instagram желісіне:

"Шымкент әкімінің орынбасары - Мақсат Толықбай. Әріптесімізге саясатта ақ жол тілейміз. Әйтпесе соңғы жылдары Шымкентте әкім болған да, зам болған да оңбады", - деп жазған.

Айта кетейік, Мақсат Толықбаев Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол 2023 жылы "Аманат" партиясының атынан Мәжілісте депутат болды. Депутаттыққа дейін ол телевизия саласында журналист қызметін атқарды.

Пікірлер