БҚО-да мал шығыны 100% өтелді

676
Adyrna.kz Telegram

БҚО-да  су тасқыны болған аудандарда төтенше жағдай салдарынан өлген мал басының санын анықтау және өтеу бойынша жұмыс жүргізетін арнайы комиссиялар құрылып, су тасқыны салдарынан 2 457 бас ауыл шаруашылығы жануарларының шығыны расталды.

Ветеринариялық қызмет, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, өлген жануарлардың өлекселерін жою жұмыстары толықтай жүргізілді.

Жануарлардың өлекселерін жою жұмыстары өртеу арқылы арнайы қазылған шұңқырларға көміліп, залалсыздандырылды.

Су тасқынынан өлген ауыл шаруашлығы жануарларын құнын есептеу Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А.Бектенов төрағалық еткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикаық штаб отырыс бекіткен су тасқынынан шығын (өлім) болған ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі Алгоритміне сәйкес атқарылды.

Айқындалған шығындар негізде облыс бюджетінің тетенше жағдайлар резервінен су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарлар құнын өтеу үшін 187,5 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күнге барлығы 139 өтінімге сәйкес 1171 бас ауыл шаруашылығы жануарлары, соның ішінде 219 бас ірі қара, 680 бас ұсақ мал, 63 бас жылқы, 71 бас шошқа және 138 бас құс үшін 151,6 млн. теңгеге облыс тұрғындарының мал шығындары өтелді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру жүйесінде тіркелмеген мал бастарына шығынды өтеу бюджеттік емес көздерден жүргізілді.

Пікірлер