Атыраудағы кісі өліміне ұласқан жанжалға қатысты жаңа дерек шықты

734
Adyrna.kz Telegram

Атыраудағы базарлардың бірінде екі ер адам арасында туындаған жанжал себебі аталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Маусымның 11-і күні әлеуметтік желіде Атыраудағы базарлардың біріндегі бейнебақылау камерасына ер адамдар арасындағы жанжалды түсірген видео тарады.

Кейіннен сақалды жігіттің зейнеткерді соққыға жығып, өлтіргені айтылды. Соңғы деректерге сүйенсек, жанжал көлік қақтығысы салдарынан туындаған. Мерседес автокөлігінің иесі Газель иесін көлігін сырып кеткені үшін соққыға жыққан.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», – деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

 

 

Пікірлер