Базардағы төбелес: Сақалды жігіт ер адамды соққыға жығып, өлтірді

1480
Adyrna.kz Telegram

Атыраудағы «Дина» базарында екі ер адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал Амандық Сағынғалиев есімді жергілікті кәсіпкердің абайсызда басқа ер адамның көлігін сырып кеткен соң басталған. Тұрғындар соққыға жыққан ер адамның сақалды екенін айтады.

Бейнебақылау камерасында зардап шеккен көліктің жүргізушісі марқұмның бетіне тоғызыншы соққы бергенде, ер адам құлап кеткен. Бірақ ауыр соққы алған адам қайта орнынан көтерілген. Ал ер адамның оныншы соққысы бірден адам өліміне әкелген. Ал агрессор бірден оқиға орнынан асығыс кетіп қалған.

Қайғылы оқиға 11 маусым күні күндіз болған. Алайда соққыға жығылған азаматқа ешкім көмектесуге асықпаған.

Желідегі топтарда тараған бейресми дыбыстық хабарламада соққыға жығылған азаматтың жергілікті кәсіпкер екені айтылған. Ол сол күні әйелімен бірге базардан тауар алуға келген.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Ал Алмас Алтай есімді желі қолданушысы марқұмның өлімі қалай болғанын жазды.

"Атырау облысы, Қызылқоға ауданы деп тұр ғой, оқиға сол Атырауда болса керек. Ауылдан қалаға келген, базардан жүк тиеп, елге қайтпақ боп тұрған Амандық Сағынғалиев Мұхтар Ахмедовтың ескі мерсінің есігін майыстырып, мәшіннің есігі жабылмай қалады.

Амандық ағаның қалтасында қарайған ақша болған, істі сол жерде жауып кететін де мүмкіндігі болған. Алайда, Мұхтар Ахмедов сөйлеспей, бірден жұдырыққа жүгінген. Амандық ағаның жасы 60 қа таяп қалған, ал, Мұхтар 40 қа да жетпепті...

Алтыншы әлде жетінші жұдырық сілтенген соң Амандық аға орнынан тұра алмай қалған. Айналадағыдар ЖЖ шақырған, ағаның қызы келген жүгіріп, дәрігерлер Амандық ағаны көлікке салып жатқанда Мұхтар әлі боқтап, айғайлап жүрген.

Содан біраз өткенде Амандық ағаның тумаластары - жігіттер базарға келген, мән жайды білген. Мұхтар "мен бір-ақ рет ұрдым, шал құлап қалды, басы тасқа соқты, тұра алмай қалды" деген...

Алайда, базар алдындағы камераға бәрі анық түскен, Ахмедов Амандық ағаны бірнеше рет ұрған, жетектеп таса жерге әкеліп, тағы ұрған", - делінген жазбада.

 

Пікірлер