Ақмола облысында 537 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылған

842
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында 537 мектеп 20 Мбит/с және одан жоғары нормаларға сәйкес, оның ішінде Starlink спутниктік жабдығын орнату арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

Облыстың білім беру саласында инфокоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуды, жергілікті желілерді, цифрлық білім беру контентін орнатуды қамтитын цифрлық технологияларды пайдалану есебінен білім беру процесін жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыстың барлық мектептері кең жолақты жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. ҚР Білім министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп білім беру мекемелерінде интернет сапасына жаңа талаптар қойды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында пилоттық жоба іске қосылды, оған республиканың 2 мың мектебі кірді. Жоба интернет байланысының жылдамдығын 150-ден 230 Мбит/сек-ке дейін қамтамасыз ететін Starlink спутниктік жабдығын орнатуды көздейді. Пилоттық жобаға Ақмола облысының 270 мектебі енгізілді. Облыстың шалғай ауылдарындағы білім беру мекемелеріне артықшылық беріледі. Оның ішіне Біржан сал ауданындағы Заозерный, Жүкей, Үлгі, Макинка, Краснофлотское, Заураловка, Мамай, Бұланды, Қоғам, Бірсуат тәрізді он екі мектеп кіреді.

Бүгінгі таңда Starlink спутниктік жабдығы облыстың 270 мектебінде 150-ден 230 Мбит/сек дейінгі деректер беру жылдамдығымен орнатылған. Тағы 6 мектепте орнату жұмыстары аяқталып келеді.

Айта кетейік, аталған мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы қосымша 400 миллион теңге бөлді.

Мамандардың айтуынша, спутниктік сигналды қабылдауға арналған жабдықты орнату бірнеше сағатты алады, орнату қиындықсыз өтеді. Технология бір уақытта 10-15 компьютерді қосқанда 120-150 Мбит/с жылдамдықта деректерді беру жылдамдығын алуға мүмкіндік береді. Ал жергілікті желіні Starlink-ке тікелей қосқанда 300 Мбит/с дейін артады, соның арқасында ресми сайттар мен дерекқорлардағы сұраныстарды жедел өңдеуге мүмкіндік туды. Екі ай ішінде спутниктік Интернеттің үзілістерін пайдалану байқалмады, бұл оның сенімділігі мен тұрақтылығын көрсетеді.

Starlink спутниктік жабдықтарын қолдану оқушыларға ақпаратты жылдам табуға, оқу роликтерін көруге және пәндер бойынша қосымша ақпарат іздеуге, онлайн-олимпиадалар мен конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді.

Пікірлер