Балалар күніне орай. Ақордада еліміздің әр түкпірінен жиналған оқушыларға экскурсия ұйымдастырылды

1542
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің әр түкіпірінен келген оқушыларға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.

Экскурсияға еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар да қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Аталған шара аясында балалар «Ақорда» резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан Президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.

Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, «Нұр-Әлем» павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралайды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер