Жамбыл облысындағы жол апаты. Көлік тізгіндеген қыз көз жұмды

689
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 мамырда Жаңаталап кентінен Ақтоған ауылына қарай бет алған «Тойота Камри» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол апатының салдарынан рульді басқара алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.

«Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды, оның жолаушылары - 17 және 20 жастағы азаматтар мен 11-сынып түлегі - олардың жағдайы тұрақты, бақылауда», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер