Елордада 800-ден астам мопедші жауапкершілікке тартылды

594
Adyrna.kz Telegram

Елордада 800-ден астам мопед жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында елордалық полицейлер мотоцикл жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басынан бері жол ережесін бұзған 833 жүргізуші жауапкершілікке тартылды», - делінген сенбі күні тараған хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жаз мезгілі басталысымен елорда жолдарында мопед тізгіндеген жүргізушілер Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін жиі бұзады.

Осыған орай, Астана қалалық департаментінің полицейлері мопед жүргізушілерінің заңбұзушылықтарының жолын кесуге бағытталған рейдтік шараларды жүйелі түрде өткізіп тұрады.

«Сонымен, жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында автопатрульдік полиция қызметкерлері тәулік ішінде 43 жүргізушіні ұстады, олардың төртеуі кәмелетке толмағандар. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 39 жүргізуші мен кәмелетке толмағандардың төрт заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталған жағдайда «102» арнасына хабарласу керек.

Пікірлер