Қазақстанда Жошы хан туралы алты сериялық телехикаяның түсірілімі күзде басталады

760
Adyrna.kz Telegram

«Dara» президенттік бастамалар қоры «Karga Seven Pictures» киностудиясымен бірлесе Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты сериядан тұратын ағылшын тіліндегі гибридті деректі-драмалық телехикая түсіруді бастады. Бұл туралы «Dara» Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Туынды Алтын Орда империясының даму кезеңдері Жошы ханның өмірінің тарихы негізінде түсіріледі.

Телехикаяның продюсері креативті директоры Эмре Шахин жетекшілік ететін «Karga Seven Pictures» компаниясы. Түсірілім 2024 жылдың күзінде Қазақстан мен Түркияда басталады деп жоспарлануда.

Karga Seven Pictures Netflix үшін 90-нан астам елде үздік 10-телехикаяға айналған Rise of Empires: Ottoman және Testament: The Story of Moses хикаялары сияқты ірі тарихи деректі драмаларды түсірді.

«Жошы ханның өмір тарихы керемет эпикалық, ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Осы ауқымды тарихи жобаны жүзеге асыруда «Dara» қорымен бірлесіп, жұмыс жасау біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті Karga Seven Pictures креативті директор Эмре Шахин.

2024 жылы Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Осы атаулы күнге арналған тарихи деректі жоба мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тамырын көрсетеді.

Жаппай аудиторияға арналған деректі-драма ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ халқының ұлы тарихын тануға, халықаралық аудиторияның Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Пікірлер