Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирдің жартылай финалына шықты

678
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мароккода өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталя Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстанның жұптық сайыстағы бірінші ракеткасы Анна Данилина қытайлық Сюй Йифанмен дуэтте Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA-250 турнирінің жартылай финалына шықты», - делінген бейсенбі күні хабарда.

Ширек финалда Анна мен Сю британдық-қытайлық Гарриет Дарт – Сю Ванг дуэті 0:6, 6:3, 10:7 есебімен мықты жеңіске жеткені хабарланды.

Шешуші кездесуде ойнау құқығы үшін Данилина мен Йифан жапондық Эри Хозуми/Макото Ниномияға қарсы ойнайды.

Пікірлер