АҚШ-та "Қазақ ертегілері – Америкада" жобасы жүзеге асты

944
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та "Қазақ ертегілері – Америкада" жобасы жүзеге асты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жобаға америкалық ғалымдар,оқытушылар, жергілікті тұрғындар және оқушылар қатысып, 10 қазақ ертегісін ағылшын тілінде оқыды. 

"Бұл жобаны жүзеге асыру барысында біз америкалықтарға Қазақ халқының мәдениеті, тарихы туралы айтудан шаршамадық. Нәтижесінде олар қызығып, жобаға қатысуға ниеттенді, тіпті олардың кейбірі қазақ деген халықтың атын тұңғыш рет естіп отырғанын еш жасырмады", дейді жоба авторы Дүйсенәлі Әлімақын.

Аталған жобаны "Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры мен АҚШ астанасындағы Джордж Вашингтон университетінің Орталық Азия бағдарламасы қолдау көрсеткен.

Пікірлер