Қадыровтың 18 жастағы ұлы жарты жылда екінші рет министр болды

1803
Adyrna.kz Telegram
Фото: RKadyrov_95 / Telegram
Фото: RKadyrov_95 / Telegram

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Ахмат Қадыров жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы кеше, 21 мамырда Шешенстан басшысы өзінің телеграмм арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Дене шынықтыру және спорт министрі қызметіне Ахмат Қадыров тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Иса Ибрагимов  үкімет әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына ауысты",-деп жазды Рамзан Қадыров.

18 жастағы Ахмад Қадыров бұған дейін 2022 жылдан бастап Шешенстан басшысының кеңесшісі, Ресей балалар мен жастар қозғалысының аймақтық төрағасы қызметтерін атқарған.

2023 жылдың қарашасында ол Шешенстанның дене шынықтыру Министрінің орынбасары, ал ақпан айында Жастар министрі болып тағайындалған.

Сондай-ақ, ол "Отан намысы" Республикасы Парламентінің жоғары орденімен және Қадыров орденімен марапатталған.

Айта кетейік, бұған дейін Рамзан Қадыровтың екінші ұлы, 16 жастағы Адамның жаңа лауазымға ие болғанын хабарлаған едік. Ол Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болып тағайындалған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер