БҚО-да 233 түлек «Алтын белгіден» үмітті

2470
Adyrna.kz Telegram

 Оқу жылының аяқталуының қарсаңында Ғани Бейсембаев «Алтын белгіге» үміткерлермен кездестті. Үздік оқу үлгерімімен ерекшеленген жеті мыңнан астам мектепбітірушіге министр өзінің ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар берді.

         Ғани Бейсембаев мектепте алған білімнің болашақта кәсіби табысқа жетудің мықты іргетасына айналарына сенімділік білдірді.
         Білім бұл кез келген табыстың іргетасы. Сендердің биік мақсаттарға жетуге дегенталаптарың мен табандылықтарың қуантады. Мектеп қабырғасында белсенді болып, өздеріңізден кейінгі оқушыларға үлгі бола білгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Биылғы жылы 186 мың мектеп бітіруші өмірлеріндегі жауапты сәтке қадам басқалы отыр. Әрқайсыларыңыз алдағы емтихандысәтті тапсырып, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіздер деп сенемін. Сіздерге білім жолындаүнемі ізденіс пен талпыныс, табыс пен сәттілік тілеймін, деді Ғани Бейсембаев.

         Әр өңірден қосылған оқушылар пікірлерімен бөлісті. Жетістікке жету, Отанымыздың өркендеуіне үлес қосар маман болуға ынталы екендіктерін жеткізді. Біздің өңірден жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері, Орал қаласындағыА.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Рахат Инабат өз ойын ортаға салды.

Қызыл тілін семсер қылып, рухын байраққа байлаған қазақтың бүгінгі өскінінің өкілі ретінде өзімді осы топта көргенімді мәртебе санаймын. «Алып болу үшін алақандай бақ та жетіп жатыр, бастысы рухтың биік болуы» деп алашты ұрандатқан Әлихан атамыз айтпақшы, біз үшін, болашақ үшін бастысы білім мен тұғырлы биіктерге арналған талпыныс қана. Алдымен ата-ананың, кейін қоғамның ықпалында дамитын ұрпақтың бүгінгі мақсаты да Отанға қызмет қылу болмақ. Мен де сол төңіректе әлем әдебиетіне үлес қосуды қалаймын. Болашақта лингвистика мамандығын меңгеріп, дүниежүзілік ұйымдар арасында Қазақстан көшбасшысы болуды армандаймын. Қазіргі талпыныстарым түгел дерлік армандарыма бағытталғандықтан, сүйікті істі жарқын болашаққа айналдыруда кедергінің көп болмасына сенемін. Егер кішкене тұлға тәрбие мен білімді, махаббатты қатар алып өссе, оның шәкірттік санасында қалыптасқан сезім – ертеңгі ел болашағына деген сенімге айналары шүбәсіз. Сондықтан жиналған қауым тек мектеп мақтан тұтар емес, күллі Қазақстанның көк байрағын жоғары ареналарда көтеретін келешектің тұлғалары ретінде таниық,  – деген дарынды қыздың жүрек түкпірінен шыққан жалынды сөздер қатарластарына ой салды.
        Кездесу кезінде түлектердің әрқайсысы өздерінің жетістіктері туралы айтып, болашақжоспарларымен бөлісті, министрге сұрақтарын қойды, пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар сапалы білім алу мүмкіндігін беріп, қолдау танытқан еліміздің үкіметіне алғыстарын білдірді.
   Айта кету керек, биылғы еліміз бойынша «Алтын белгіге» 7000-нан астам білім алушы үміткер болса, соның 233біздің өңірімізден. 

Биыл Орал қаласы бойынша 2480 оқушы орта мектепті аяқтаса, оның 40 «Алтын белгіге» үміткер.

Пікірлер