Павлодарда үйдің кілтін жоғалтқаны үшін жанжалдасқан ерлі-зайыптының ісі сотта қаралды

834
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда үйдің кіреберісінде кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелімен жанжалдасқан ер адам ұсталды. Оған қатысты іс қарастырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады.

Сотта ер адам әйелімен кикілжің пәтер кілтін жоғалтқандықтан туындағанын айтты.

"Жанжал кезінде ол қатты айғайлап, әдепсіз сөздер айтып, оның бетінен ұрып-соққан. Ол өзінің әрекетінін, боқтағанын және жанжал шығарғанын қызуқандылыққа салынғанымен түсіндірді", - делінген соттың хабарламасында.

Павлодарлық әйел сотта 28 жастағы күйеуімен татуласқанын, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтты. Әйел сот-медициналық сараптамадан өтуден де бас тартқан.

Соттың мәліметінше, ер адам осыған дейін тыныштықты бұзғаны үшін төрт рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Пікірлер