Музей түні: «Отырар – тарих кеніші» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті

861
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен 18-мамырда «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай, « МУЗЕЙ ТҮНІ – 2024» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ОТЫРАР – ТАРИХ КЕНІШІ» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Көпшіліктің қызығушылығын, музей құндылықтарына деген халықтың ыстық ықыласын арттырып, қатысушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; Адам өмірінде және қоғамда музейдің алар орнының маңыздылығын түсіндіру.

Шараның шымылдығын «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы директоры Жандосов Айбек Кыстаубаевич ашып беріп, этнограф, ардагер Жұмашев Абдулла, өлкетанушы Бейсенбай Бекжан сынды құрметті қонақтар ұйымдастырушылар тарапына алғысын айтып, ыстық ықыласын жеткізді.

Тарихи-танымдық кеште музей экспозиция залында алқашқы қауым, яғни, тас ғасыры тұсындағы адамзат тіршілігі, қазақ халқының XIX-XХ ғасырдағы тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ағаш шеберлері мен темір ұсталарының көрінісі, қолөнер шеберлерінің жүн өңдеу, жіп иіру, тоқыма тоқу өнерлері, құмырашылардың құмыра жасау, оны күйдіру тәсілдері бойынша шеберлік сабақтары өтті. Ұлттық нақышта киінген музей қызметкерлері келі түю, диірмен тарту, күбі пісу, қамыр жаю сияқты асханалық тіршіліктен көріністер ұсынды.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған «Дара тұлға – Әбу Насыр әл-Фараби» мультфильмі көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі ерекше жандарға «Отырар – ғажайыптар ордасы» атты инклюзивті тақырыптық экскурсия, монғол әсерінің шапқыншылығы, Әбу Насыр әл-Фараби бейнесі сомдалған қойылымдар қойылып, викториналық ойындар ойнатылды.

Ұлттық спорт түрлері: ләңгі тебу, қошқар көтеру, қол күрес, гір тасын көтеру, сонымен қатар, ұршық иіру, қымызмұрындық сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар табысталды.

Пікірлер