Ресейде әуежай маңынан өрт шықты (ВИДЕО)

1509
Adyrna.kz Telegram

17 сәуірде Ресейдің «Минеральные воды» әуежайының жанындағы ғимараттардың бірінде болды. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әуежай маңындағы көлік тұрағында 150 шаршы метр аумақты құрайтын екі  қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Өрт сөндірілді»,— делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, оқиға орнында 55 адам мен 10 техника жұмыс істеген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

«Shot» Telegram  арнасы жергілікті уақыт бойынша 15:40-та Мәскеу мен Астанадан шыққан ұшақтардың әуежайға қонғанын жазды.

Айта кетейік, қазіргі таңда әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер