8 айлық сәбиін аштан өлтіріп алған әйелге жаза тағайындалды

2002
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Екібастұзда 8 айлық сәби аштан қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 2023 жылдың 10-17 қарашасында болған.

Облыстық соттың мәліметінше Т. есімді тұрғынға қатысты қылмыстық іс абайсызда қазаға ұшырату фактісі бойынша қозғалған.

"Т. есімді тұрғын 2023 жылдың 10-17 қарашасы аралығында Екібастұз қаласы Шідерті ауылында тұрып, сегіз айлық баласына қылмыстық немқұрайдылық танытып, оны жеткілікті тамақпен қамтамасыз етпеген. Оның абайсыздығы баланың өліміне әкеп соққан", - делінген хабарламада.

Келіншек өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Оның кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысы, сарапшының айғақтары және сотта зерттелген басқа да құжаттамалық, заттай дәлелдемелер арқылы расталып отыр.

Сот анаға қатысты 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал келіншектің қалған екі жас балаға қатысты ата-ана құқығы шектелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер