Кәсіпкер Дулат Тастекей мен журналист Нұрсейіт Жылқышыбай жаңа туған сәбилерге Абай мен Құнанбай есімін беру бастамасын көтерді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 2025 жылдың 10 тамызында дүниеге келген барлық Абай есімді сәбилерге 180 мың теңге қаржылай сыйақы беріледі.
Сонымен қатар, Нұрсейіт Жылқышыбай Құнанбай есімін қойған алғашқы он ата-анаға «Аламан» компаниясының атынан 3 миллион теңге бөлетінін мәлімдеді. Әр балаға 300 мың теңгеден беріледі.
“Балаңыздың есімін Құнанбай деп қойсаңыз, 300 мың теңге бірден шотыңызға аударылады. Ол үшін 1 наурыздан бастап арнайы WhatsApp нөміріне (8-707-179-79-42) туу туралы куәліктің көшірмесін жіберу қажет,” – деді журналист.