8 айлық сәбиін аштан өлтіріп алған әйелге жаза тағайындалды

2824
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/7fbdc810d7cd0bd3c46a3f61d576498475a3bf77-960x500.jpg?token=db95af414526e0ac6ab7f98b17c6c0df
Екібастұзда 8 айлық сәби аштан қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 2023 жылдың 10-17 қарашасында болған. Облыстық соттың мәліметінше Т. есімді тұрғынға қатысты қылмыстық іс абайсызда қазаға ұшырату фактісі бойынша қозғалған.
"Т. есімді тұрғын 2023 жылдың 10-17 қарашасы аралығында Екібастұз қаласы Шідерті ауылында тұрып, сегіз айлық баласына қылмыстық немқұрайдылық танытып, оны жеткілікті тамақпен қамтамасыз етпеген. Оның абайсыздығы баланың өліміне әкеп соққан", - делінген хабарламада.
Келіншек өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Оның кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысы, сарапшының айғақтары және сотта зерттелген басқа да құжаттамалық, заттай дәлелдемелер арқылы расталып отыр. Сот анаға қатысты 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал келіншектің қалған екі жас балаға қатысты ата-ана құқығы шектелді.
评论