Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салды

920
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Марқұмның №9 мектептің 11-сынып оқушысы екені анықталды. Қайғылы жағдай 12-мамыр күні болған.

Оқушының мәйіті үйіндегі өз бөлмесінен табылған. Өкінішке орай дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Ал мектеп әкімшілігі шәкірттің үлгерімі жақсы әрі мектеп қабырғасында белсенді болғанын айтады. Оның ешкіммен дауласып, ұрыспағанын, есепте тұрмағаны айтылды.

Оқушы қыздың өліміне қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Пікірлер