Композитор Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

1126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/photo-output.jpeg
Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 2024 жылдың 7 қазанында Абылай Арманұлының денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйде табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлім себебі – механикалық асфиксия. Orda.kz-тің мәліметінше, марқұм қазасынан бір күн бұрын анасымен байланысқа шықпаған. Осыдан кейін оның анасына ұлының досы хабарласып, 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан. БАҚ анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқанын жазды. Тергеу барысында үш бірдей сараптама жүргізіліп, барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растаған. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда.
Комментарии