Қазақстан азаматы Лондонда адам өлтірді деген күдікке ілінгенін СІМ растады

1432
Adyrna.kz Telegram
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Лондонда Қазақстан азаматы адам өлтірді деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Биыл 10 мамырда Лондон қаласының полициясы Қазақстанның Ұлтыбританиядағы елшілігіне адам өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматтарының ұсталғанын хабарлады. Олардың ерлі-зайыпты екені анықталды. Әйелі босатылып, күйеуі қамауға алынды. Полиция оны тергеп жатыр. Жақын арада оның соты болады деп күтеміз», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ,  қазақстандықтықтың адвокаты бар,  туған-туыстарымен байланыста екені айтылды.

Лондон полициясының мәліметінше, биыл 6 мамырда кешкі сағат 21:00 шамасында қаладағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адамның денесі табылған. Ол пышақ жарақатын алған.

Айта кетейік, айып тағылған қазақстандық Ұлыбританияға 2023 жылғы мамырда 6 айға жұмыс визасымен барған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер