2028 жылдан бастап Еуропалық одақ Шенген визаларын толығымен онлайн форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Schengen News басылымыжариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
Бұл өзгерістің мақсаты – виза алу процесін барынша жеңілдету. Енді виза алу үшін қағазбастылық пен визалық орталықтарға бару қажет болмайды. Өтінімді арнайы онлайн платформа арқылы толтыра бересіз.
Цифрлық виза жүйесі визалық режимі бар елдерге арналған. Олардың қатарында Қазақстан да бар.
Еуропалық одақ 2026 жылдан бастап ETIAS деп аталатын жүйені іске қосуды көздеп отыр. Бұл — виза қажет емес елдердің азаматтары үшін Еуропаға кіруге алдын ала берілетін электронды рұқсат. Яғни, туристер сапарға шығар алдында онлайн өтінім толтырып, рұқсат алады.