Суға батқан автобус жолаушыларына Қазақстан азаматы да көмек көрсеткен

1273
Adyrna.kz Telegram

7 адам қаза тапқан Санкт-Петербургтегі автобус апатында Қазақстан азаматы да су астында қалған жолаушыларға қол ұшын созғаны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол Шахтинск қаласының тумасы, қазір Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Ерхан Аханов. Қазақстандық жігіт алғашқы болып жолаушыларды құтқаруға ат салысқан.

Ерхан көлігіне жүгіріп барып, жүксалғыштан кабельді алып, қоршауға байлағанын айтты. Оған алдымен тағы бір куәгер болысқан, одан кейін Ерхан өзі де көмекке түскен.

«Жігіттер люкті ашып, әйелді шығара бастады, мен оған алғашқы көмек көрсету үшін жүрегіне массаж жасай бастадым, ол аузын ашып, суға тұншығып қалды, мен оны бүйіріне жатқызып, қайтадан жүрек массажын жасай бастадым. Жігіттердің бірі көмектесіп, жасанды тыныс алуды бастады», - деді ол жергілікті «Фонтанка» басылымына.

Ерхан өзінің бұл әрекетін ерлік деп санамайды. Оның ойынша, оның орнында кім болса да солай істер еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырап, Мойка өзеніне 20 адаммен бірге құлап кеткені жайлы хабарлаған едік. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер