Жетісу облысында «Мөлдір бұлақ» науқаны жалғасын тапты

621
Adyrna.kz Telegram

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығына Жетісу облысының әр елдімекен тұрғындары атсалысуда.

«Мөлдір бұлақ» – өзен, көлдер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акциялардан тұрады. Жалпы облыс бойынша аталған күндері 20 мыңға жуық адамның қатысуымен, 50 экологиялық шара жоспарланып, ұйымдастырылуда. Ауыл-аймақ өз аумағындағы өзендер маңына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, бұлақ көздерін ашты. Қала аумағындағы арық жүйелерін тазартып, өзен суларының арнасы ашылды.


Бүгін Жетісу облысы бойынша «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Таза өзен», «Тазалық өзімізден басталады» сынды бірқатар экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Шараға 1985 адам (еріктілер, эко-белсенділер, тұрғындар) қатысты. 13 арнайы техника жұмылдырылып, 31 тонна қоқыс шығарылды. Бір күнде облыс аумағындағы 19 өзеннің (Көксу, Қора, Шажа, Быжы, Қарсу, Қаратал, т.б.) айналасына сенбілік жұмыстары жасалып, арналары тазартылды.

Пікірлер