Ақселеу Сейдімбектің сүрілген ескерткішінің орнына жаңасы бой көтерді

2405
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау облысының Жаңаарқада ауданында жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің сүрілген ескерткішінің орнына жаңасы бой көтерді. Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақып Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұрынғысы әлі түсіме кіреді. Осы жолғысы маған ұнады. Құтты болсын!»—деді ол.

Еске салайық, 2022 жылы Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай ескерткіш бой көтерген еді. Алайда ол көпшіліктің көңілінен шықпай, жұрттың шамына тиген болатын.

«Аватарға ескерткіш ашылды ма десем, Ақселеу деп жазылып тұр. Әшейінде мақұлдауы қиын министрлік мынаған қалай рұқсат берген? Тізесі бір қарыс, ана қолындағы таяққа сүйенсе тоңқалаң асады ғой»,— деп жазған еді журналист Нұрадин Рақай.

Ал аудан әкімі Ғалымжан Құсманғали ескерткіштің көркемдік орындалуы сын көтермейтінін жеткізіп, орнына басқасы қойылатынын мәлімдеген. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер