Жеңіс күні соғысқа қатысқан 1 млн 200 мың қазақстандық еске алынады

601
Adyrna.kz Telegram
Фото: UGK
Фото: UGK

Биыл фашизмді жеңген Жеңістің 79 жылдығын атап өтілуде. Жеңіс күні соғысқа қатысқан 1 миллион 200 мың қазақстандықты, олардың табандылығы мен қаһармандығын, сондай ақ тылда еңбек еткендердің еңбектегі ерен ерлігін еске алу болып табылады.

Бұл жеңіске аға буынның – аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың теңдессіз күш-жігері мен орасан зор құрбандықтарының арқасында қол жетті. Біз әрбір батырдың қосқан үлесін есте сақтаймыз, бағалаймыз және құрмет тұтамыз.

Қазақстандықтар 20-дан астам атқыштар дивизиялары мен басқа да құрамаларда шайқасты. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандықтар медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. 4 қазақстандық екі рет Батыр атанып, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Жауынгер батырлардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады. Бүгінде әрбір қазақ азаматы М.Мәметованың, Ә.Молдағұлованың, Х.Доспанованың, Р.Қошқарбаевтың, М.Ғабдуллинның, Қ.Қайсеновтың, Б.Момышұлының, Т.Бигелдиновтың, Л.Беданың, И.Павловтың, С. Луганскийдың және т.б. ерлігін еске алып, тағзым етеді.

Бұл – қазақ даласының ержүрек ұрпақтары – батыр ұл-қыздарын мәңгі есте сақтау және оларға алғыс айту күні.

 

Пікірлер