Керекуде орманда үй-күйсіз жүрген отбасы табылды

2312
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Павлодарда орман маңынан үй-күйі жоқ отбасы табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Жергілікті тұрғындар Павлодар облысы Кемеңгер ауылында жерде ұйықтап жатқан 6 бала мен ата-анасын байқап, жай-күйін бейнеге түсіріп алған.

Кадрда әйелдің отбасы Павлодарда үй жалдап тұрғанын, үй иесі оны сатып жібергенін және олар Красноармейка, қазіргі Кемеңгер ауылына келгенін айтқан. Мұнда олар аталмыш ауылдан бірнеше шақырым жерде тұрақтағанын байқаған.

Отбасы орман ішінде жүргенін айтады.

"Шынымды айтайын, бәрі менің балаларым. Біз олармен әлі серуендеуіміз керек. Біз қазір тұрып, ары қарай жүреміз. Бізді ешкім естімесін деп әдейі кетіп жатырмыз", – деп түсіндірді әкесі. Ата-ана балаларының біреуінің аутизммен ауыратынын айтады.

Бейнежазбаны түсірген ер адам балалардың бірінің бетіне неліктен қан кеткенін сұрағанда әйел абдырап, анық жауап бере алмаған.

"Біз серуендеп жүрдік, сосын балалар ұйықтап қалды. Күн ысып кеткендіктен бетін күйдіріп алды. Біз енді жолға шығып, Красноармейкаға ораламыз. Балам бутерброд жегісі келгендіктен аялдауды жөн көрдік", – деді әйел.

Орман жағалаған отбасында балалардың ең кішісі 1 жаста, үлкені 8 жаста. Қазір анасы мен балалары ауруханаға жеткізілді.

"2016-2023 жылдары туылған алты баланы тәрбиелеп отырған шетелдік азаматтардың отбасы анықталды. Балалар мемлекеттік органдарда тіркелмеген: олардың туу туралы куәлігі жоқ, денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне бекітілмеген", – деді Павлодар облысы ішкі істер департаменті көші-қон қызметі.

Полицейдің айтуынша, балалар мен олардың анасы Павлодар облысы балалар ауруханасына жатқызылған.

"Қазір біз балаларға туу туралы куәлік пен ЖСН алуға, сондай-ақ елімізде уақытша тұруға рұқсат алуға көмектесеміз", – деді ішкі істер департаменті көші-қон қызметінің басшысы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер