Жаңарған жол ережесі күшіне енді

994
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда бүгін, 6 мамырдан бастап жол ережесіне қосылған өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚР жол ережесіне жаңа 62-1-тармақ қосылады, онда «1.1. жол таңбасымен бөлінген екі жолағы бар екі бағытты жолда және 3.20 белгісі (басып озуға тыйым салынады) қойылған жолда қарсы бағытқа шығуға болмайды» деп жазылады.

Бүтін сызықты кесіп, қарсы жолаққа шыққан жүргізуші әкімшілік кодекстің 596-бабы 3-тармағына сай жазаланады. Ол бойынша «жолдың қарсы қозғалысқа арналған бөлігімен жүрсе (кері айналу немесе бұрылу үшін шықса), 6 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылады».

Сондай-ақ, тек өз жолағымен бұрылу керек.

53-тармақ («Маневр жасау» бөлімі) толығып, «бұрылыс жолдың жүріс бөлігінің қиылысынан шыққан кезде көлік құралы қарсы келе жатқан көлік жағына шықпайтындай жүзеге асырылады. Бұрылыс маневр жасаған сәттегі жолақ бойынша жүзеге асырылады» деп жазылады.

Жаңа талапты оңға бұрылғанда да, солға бұрылғанда да сақтау керек. Қиылыста көрші жолаққа ауысуға болмайды. Kolesa.kz редакциясына ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті түсіндіргендей, мұндай жағдайда жүргізуші өз жолағымен бұрылуы керек, егер ол бос болмаса, тіке жүру керек, қиылыста жолақ ауыстыруға тыйым салынады.

Комитет автобус жолағы бар көшеге (мысалы, Абайға) бұрылғанда, жүргізуші арнайы жолаққа емес, автомобиль жолағына маневр жасауы керек екенін айтты. Бұл шектеу M3 санатындағы автобустарға әсер етпейді, 6 мамырдан бастап олар арнайы жолақпен жүре алады.

4dbe4373d2fb7c7a4a2f76ad857e2dc9de9a3894-full.png

Жаңа 54-1-тармақта «радиусына қарамастан, қозғалуға қауіпсіз болса және басқа көлік құралына кедергі жасамаса ғана кері бұрылуға болады» деп жазылады. Яғни, радиусы үлкен қиылыста да, кіші қиылыста да кері бұрылуға рұқсат беріледі. Тек қиылысатын жолмен жүріп бара жатқан автомобильге кедергі жасамасаңыз болғаны.

0ae50c79f26a900e94cca80217040d949265c46e-full.png

Ал қиылыстан өту тәртібі 95-1-тармақта көрсетілген. Онда «қиылыста солға бұрылған кезде кейбір ерекше геометриялық параметрі бар қиылыстарды қоспағанда, қарсы бағытта келе жатқан машинаның оң жағынан өту керек» деп жазылған. Яғни, жүргізушілер дәл қазіргідей бұрыла береді. Бұл жолғы өзгерісте билік қазіргі схеманы заңдастырды.

362ede20ed89673bc4f449cf19397eecad5ababb-full.png

6 мамырдан бастап қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін ақаулар мен жағдайлар тізіміне өзгеріс енді. Енді терезе дефлекторын орнатуға болады. Мұндай тюнинг үшін ешкім айыппүл арқалаған емес, бірақ мамандар бұл жайлы арнайы бап қосып отыр. Ал зауыттық жүксалғыш пен тіркеме орнату қайта жабдықтау болып саналмайды.

Одан бөлек, жол ережесіне жаңа жол белгілері, жол таңбалары және бағдаршамдағы жасыл түсті «плюс» белгі қосылды.

Пікірлер