Ержұман Смайылдың отансүйгіштік рухы

341
Adyrna.kz Telegram

Журналистикадағы отансүйгіштік ел, ел азаматтарының мүддесі мен игілігін көздейтін оқиғаларды, тақырыптарды жауапкершілікпен және бейтарап жариялау арқылы көрінеді. Демек, журналистер ұлтжандылық таныта отырып, қоғамдық пікірді қалыптастырып, қоғамды дамытуға септігін тигізетін шынайы ақпаратқа ұмтылады. Олар салауатты және дамып келе жатқан қоғамның негізі болып табылатын демократия, сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы қағидаттарын қолдайды. Отансүйгіш журналистер ұлттық мүдделер мен құндылықтарды қорғаушы ретінде де ел алдында тұрған мәселелер мен сын-қатерлерге назар аударып, олардың шешімін іздей алады. Дегенмен, олар саяси, экономикалық немесе әлеуметтік мүдделерге қарамастан шындық пен әділетті қорғауға дайын тәуелсіз және сыни ойшылдар болып қала береді. Осылайша, патриоттық журналистика азаматтық қоғамның нығаюына, белсенді де жауапты азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етеді.

Журналистикадағы патриотизм ел өмірінің, мәдениетінің, тарихының, жетістіктері мен әлеуетінің жағымды жақтарын анықтауға, қолдауға ұмтылу арқылы көрінеді. Отансүйгіштік танытатын журналистер мемлекеттің нығаюы мен ілгерілеуіне ықпал ететін табысты жобаларды, ғылыми жаңалықтарды, мәдени іс-шараларды және басқа да жетістіктерді белсенді жариялайды. Олар сондай-ақ қоғам мен оның имиджіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық, қылмыс немесе экологиялық проблемалар сияқты жағымсыз құбылыстарға да қарсы. Бұл ретте отаншыл журналистер қоғам санасын көтеріп, азаматтарды осы мәселелерді шешуге тартуға күш салып, әр адам өз елінің игілігі мен гүлденуіне үлес қоса алатынын көрсетеді. Журналистикадағы патриотизм туған жердің оң имиджін қалыптастыруға белсенді атсалысу және оны дамыту мен жетілдіру үдерісіне қоғамды тарту арқылы көрінеді.

Ержұман Смайыл өз тілі мен туған жерін қатты қадірлеген азамат. Алғашқы мақала тақырыптарын Фрунзеге арнаған Ержұманды «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасары Балғабек Қыдырбекұлының тыйымы ғана тоқтатты.

Оның Отанына деген сүйіспеншілігі тәуелсіздік жылдарында жазған «Қазақ еліне адалдық анты қажет», «Теңгеге қарсылық – тәуелсіздікке қарсылық», «Ұмытуға бола ма, Желтоқсанды?», «Атам қазақ айтқыш-ау», «Бір жол бар – қиын, қиын да болса – қажет», «Қазаққа партия керек пе?», «Түсін, қазақ!», «Егемендік рухына адал болайық» тәрізді мақалаларында көрініс тапты. Осы мақалаларды жазу арқылы туған жеріне деген махаббатын көрсетумен қатар, оқырмандарға жігер беріп, патриоттық рухтарын көтерді. Тәуелсіздіктің маңызы мен жаңа қадамдардың, белестердің тигізер әсерін ашып көрсетті.

Сондай-ақ, «Өмір деген – жол үсті» мақалалар жинағындағы «Ауылым – алтын бесігім» атты айдар толығымен ел, жер, Отан тақырыбындағы жазылған мақалаларға толы. Оның ішінде «Елу жылда ел жаңа» бөлімінде туған совхозы Фрунзеның тыныс-тіршілігін, соғысқа дейінгі жағдайын, соғыс жылдарындағы қиындықтарын және соғыстан кейінгі дамуын баяндады. Бұдан басқа «Сушылар», «Көмекші шопан», «Ұстазым, менің ұстазым», «Үміт сәулесі өшпейді», «Бригадир жолы», «Қайталанбас бір сабақ» жазбалары да туған жеріне деген ерекше сезімін көрсететін туындылар. Отансүйгіштік рух Кез келген ел тақырыбындағы шығармаларда болуы мүмкін, бірақ осы тақырыпты толығымен ашып, жазған әрбір сөйлемі арқылы патриоттық сезімін жеткізе білу әркімнің қолынан келе бермейді.

Дина ЛИТПИН

Пікірлер