Гаитиде нөсер жауыннан 13 адам көз жұмды

942
Adyrna.kz Telegram
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Гаитидің солтүстігінде нөсер жауын жауып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеп.

Гаитиде алдағы күндері елде тағы да қатты нөсер жауады деп күтілуде. Азаматтық қорғаныс органы тұрғындарға өзен жағасынан алшаққа көшу туралы хабарлама таратты.

Сондай-ақ метеорологиялық қызмет бүкіл ел аумағына «жиі әрі күшті» найзағай мен нөсер жауын қаупі төніп тұрғанын айтты.

Солтүстікте орналасқан Кап-Аитьен қаласының маңында сел жүріп, салдарынан бірнеше үй құлап, 13 адам қайтыс болған.

Пікірлер