Семейде бала зорлаған педофилге қатысты үкім шықты

1199
Adyrna.kz Telegram

Семейде кішкентай баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Абай облысында Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Жас балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсету” бабымен істі болған сотталушының адвокаттары апелляциялық шағым түсіріп, шешім қайта қаралды.

Іс материалына сәйкес ер адам кәмелет жасына толмаған баланың шарасыз күйін пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткен.

"Г. есімді азамат кінәсін мойындаған жоқ, бірақ оның кінәсі қылмыстық іс материалымен, сот-медициналық сараптама қорытындысы, куәгерлер жауабымен дәлелденді", – делінген сот материалында.

Мамандандырылған ауданаралық сот ер адамды кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгертпеді. Ол өмір бойына педагогикалық қызмет атқара алмайды.

"Апелляциялық сот үкімді нақтылап, өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейді", – деп қосты соттың баспасөз қызметі.

Пікірлер