Құлсарыда жүздеген үй әлі де су ортасында тұр

1252
Adyrna.kz Telegram
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Құлсарыда 100-ден астам үй мен 10 кәсіпкерлік нысан әлі де су құрсауында қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар тобының 2 815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді.

«Өңірдегі эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар. Олардың 430-ы – балалар. Атырау облысының Құлсары қаласында екінші тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақтөбелік әскери қызметшілері қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Ауру тудыратын микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің таралуын болдырмау үшін 20982 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау ротасының жиынтық құтқару тобы жұмыс істеп жүр», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Атырау облысында су басу қаупіне байланысты 7 сәуірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізілген. Режим аймақта әлі де сақталған.

Пікірлер