«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы бастау алды

1177
Adyrna.kz Telegram

Шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа кітаптарды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсатында «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды.

“Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Осы орайда, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция бастадық” деді ол Facebook-тағы жазбасында.

Акцияға ол өзге де әріптестерін шақырды:

”Бұл акцияны өзге де әріпестерім, министрлер қолдап, қазірдің өзінде бірнеше ауылға кітап жеткізіп үлгерді. Мәселен, Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бағдат Батырбекұлы жеке атсалысып, еліміздің бірқатар өңіріндегі ауыл кітапханаларына 100 кітаптан табыс етуде. Басқа да әріптестерміз таяуда акцияға қолдау көрсетуге ниет білдірді” деді ол.

Акция мақсаты - шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Пікірлер