Home » Айдарлар » Қоғам » Айгүл ОРЫНБЕК: Арыста арандатушылар жүр

Айгүл ОРЫНБЕК: Арыста арандатушылар жүр

Халықтың жүйкесімен ойнап жүргендерді анықтауды сұраймын!

Арыс халқының қайғысы кейбір мүдделі топтарға жақсы болды ау!
“Билік тек екі терезеңді ғана істеп бер”- деп айтты деген белгісіз екі жігіт, жапа шеккен тұрғындардың үйін аралап жүр екен. Онсызда жүйкесі тозып отырған халықтың, жүйкесімен ойнау қәзіргі билікке керек емес! Бұл жерде бір мүдделі топтар жұмыс істеп отырған сияқты. Түркістан облысы полициясына және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына!
Халықтан жоғарыда көрсеткен секілді шағымдар түсе бастады!
“Луна жарылады, билік істеп бермейді”- деген сияқты ақпарат тарап жатқаны бекер емес!
Халықты ашуландырып, көшеге шығарып ылаң тудыру деп ойлаймын.
Сол себепті Арыс қаласындағы қауіпсіздік жағдайын күшейтіп, мүдделі топты анықтауларыңызды сұраймын!
Ал Арыс қаласының тұрғындарынан сұранарым, егер сондай күдік тудыратын азаматтар келіп жатса, бірден камераға түсіріп полицияға немесе маған хабар берулеріңізді сұраймын!

 Айгүл ОРЫНБЕК
“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Айгүл ОРЫНБЕК: Орыс тілін ресми тілден алып тастайтын уақыт келді

Орыс тілін ресми тілден алып тастайтын уақыт келді. Отыз жыл бойы бүкіл билік орыс тілінде ...