Шахтадағы апат. Үйінді астында қалған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды

1187
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aa.com.tr
Сурет: aa.com.tr

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазақмыс” деректері бойынша, қаза болған кеншілердің тізімі:

  1. Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, насос машинисі;
  2. Жакубаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты тау-кен шебері;
  3. Жұмадұллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты кеншісі:
  4. Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
  5. Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, бұрғылаушының көмекшісі,
  6. Нұрұлдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетик,
  7. Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.

Марқұмдардың ең жасы 27 жаста.

Ұлытау облысының полиция департаменті бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша іс қозғалды.

“Оқиға орнында Ұлытау облысының полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, дейді полицейлер. 

Еске сала кетейік, 17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған. Кейін жеті кеншінің де мәйіті табылды

Пікірлер