Тәжікстан 1 мамырдан бастап тағы 25 елге біржақты визасыз режим енгізді

1606
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстан 1 мамырдан бастап елге 30 күнге дейін визасыз кіре алатын 25 елдің тізімін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Аталмыш елдер қатарына:

"Андорра, Багам аралдары, Босния және Герцеговина, Бразилия, Болгария, Коста-Рика, Кипр, Ирландия, Мальта, Маршалл аралдары, Мексика, Моңғолия, Черногория, Оман Сұлтандығы,  Румыния, Сент-Китс және Невис,  Сент-Люсия, Сан-Марино, Сербия, Словакия, Словения, Соломон аралдары, Сент-Винсент және Гренадин аралдары, Ватикан, Палестина (дипломатиялық және қызметтік/арнайы төлқұжаттар үшін) " делінген хабарламада.

55 жасқа толған 16 елдің азаматтары Тәжікстанға 14 күнге дейін визасыз кіре алады:

"Албания, Алжир, Барбадос, Вануату, Вьетнам, Доминика, Қытай, Лаос, Ливан, Мадагаскар, Марокко, Никарагуа, Панама, Солтүстік Македония, Тунис, Фиджи" деп жазылды тізімде.

Тағы 14 елдің азаматтары Тәжікстанға жеңілдетілген тәртіппен виза ала алады. Бұл тізімге Ирак, Палестина, Сирия, Маршалл аралдары, Соломон аралдары, Вануату, Судан, Мадагаскар, Палестина, Гаити, Уганда, Руанда, Нигерия және Эфиопия кіреді.

«Тізімге енгізілген елдердің азаматтары Тәжікстан Республикасына 14 немесе 30 күннен астам мерзімге жұмыс, оқу, тұрақты тұру немесе басқа да туристік емес мақсаттар үшін келетінін ескеру қажет», - делінген Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер