4 өңірде су саласы мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылады

1450
Adyrna.kz Telegram
Сурет: naked-science.ru
Сурет: naked-science.ru

Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгінгі таңда бұл бағытта еліміздің төрт макроөңірі таңдалды. Онда экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылатын болады»,—делінген хабарламада.

2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация» және «Гидротехникалық құрылыс» және  тағы да басқа мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарлануда.

«Оңтүстік макроөңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бас тірек ұйымы ретінде Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі таңдалды. Мұнда «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Студенттерге өндірістік практикадан өту мүмкіндігі беріледі, ал арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өндірістен мамандар тартуды жоспарлап отырмыз», - деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кетейік, бүгінде еліміздің бес колледжі су саласының мамандарын даярлайды.

Пікірлер