Казталов ауданының әкімі құтқарушылармен кездесті

1824
Adyrna.kz Telegram

Кеше Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов N° 2 Казталов аудандық ауруханасында болып, су тасқынының алдын алу кезінде жарақат алған құтқарушымен кездесті. Аудан басшысы құтқарушыға ел басына күн туған кездегі еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

–Қазір ауданымыз қиын жағдайда тұр. Жоғарыдан келген су көлемі әбігерге салып отыр. Біз жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдан келген шаралардың бәрін қабылдап, жұмыстанудамыз. Су тасқынының алдын алу шаралары кезінде болған оқыс оқиғадан хабардармын. Ел басына күн туған шақта қызметтік борышыңызды атқару барысында жасалған қылмыстық әрекет ешбір ақтауға келмейді және заң аясында тиісті шаралар қабылдануы керек. Сізге су тасқынының алдын алу кезіндегі еңбегіңіз үшін, халықпен бірге болғаныныз үшін алғысымды білдіремін. Тез сауығып, қатарға қосылуыңызға тілекшімін, - деді аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы.

Оқыс окиғадан зардап шеккен Батырбек Қапсиқов аудан әкіміне алғысын айтып, халыққа абыройлы қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

Батырбек Батырғалиұлы 17-ші өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі қызметін атқарады. Азаматтық қоргау сержанты. Ол 31 наурыз сағат 17.00 шамасында N° 2 аудандық ауруханаға «кеуде клеткасының артқы бөлігінің енбеген пышақталған жарақат» (ножевое непроникающее ранение задней поверхности грудной клетки) диагнозымен түсті.

Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, дәрігерлер бақылауында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер