Министрлік елде 57 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді

1404
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің кешенді жоспарын әзірледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жоспарда 57 жаңа су қоймасын салу, 133 гидротехникалық құрылысты, 7 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені және 1200 шақырым топтық су құбырын қайта жаңартуды, сондай-ақ 3628 тік дренажды ұңғыма бұрғылау қарастырылған.

Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Суару жүйелерінің тозуы салдарынан тасымалдау кезінде судың шығыны мәселесін шешу үшін 14 мың шақырымнан астам каналды реконструкциялау жоспарлануда.

Жобаны 3 кезеңде іске асыру ұсынылып отыр. 1-ші кезеңде - 2024-2025 жылдары ұзындығы 3500 шақырым 337 арнаны қайта жаңарту жоспарлануда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер