Өзгидромет: Елде су тасқыны болуы мүмкін

2122
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Өзбекстан халқына су тасқыны туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі centralasia.news-қа сілтеп.

Синоптиктер Өзбекстанның тоғыз облысында лай көшкіні мен су тасқыны болуы мүмкін деп екенін айтады. Алдын ала болжам бойынша 12-15 сәуір аралығында республиканың таулы және қала маңындағы аудандарында қатты жаңбыр жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Мамандар Қашқадария, Сурхандария, Самарқанд, Навои, Джизах, Ташкент, Наманган, Ферғана және Әндіжан қалаларында ауа райының қолайсыздығынан сел жүруі мүмкін екенін болжады.

Одан бөлек, Өзгидромет мамандары елдегі орташа температура жыл сайын 1,5 %-ға көтерілетінін атап өтті. Осыған байланысты су тасқыны мен сел болу ықтималдығы артады.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Наманган облысында селден сегіз адам қаза тапса, 2022 жылы Джизах облысында бес адам селдің құрбаны болды.

Пікірлер