Ресейлік рэпер Morgenshtern Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберуде

1259
Adyrna.kz Telegram
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Танымал ресейлік орындаушы Morgenshtern (шын аты Әлішер Моргенштерн) Қазақстанға, атап айтқанда Қостанайға гуманитарлық көмек жіберуде. Бұл туралы ол Telegram каналы мен Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстанға, атап айтқанда Қостанайға гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі бара жатыр», - деп жазды әнші.

Ол сондай-ақ оның қоры Орск қаласындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай су тасқынымен күресіп жатыр. Биылғы 28 наурызынан бастап Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді. Сондай-ақ, Қарасу, Қостанай облысы мен Қостанай ауданында төтенше жағдай енгізілді.

Облыс әкімдігі аудан тұрғындарына келтірілген шығынды өтеуге уәде берді. Қазірдің өзінде бағалау комиссиясы келтірілген шығынды есептеп жатыр.

Кейін облыстың тағы 14 ауданына қауіп төніп тұрғаны белгілі болды. Сонымен, су басқан аумақтар тізіміне Наурызым, Қарасу аудандары мен Рудный қаласы кірді.

 

Пікірлер