«Жалақы мен жағдайдың алуандығы әлеуметтік жарылысқа алып келеді»

5399
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-02-at-21.52.49.jpeg
"Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасында жаңа сұхбат жарияланды. Кезекті сұхбаттың спикері - «Baikadam Holding» компаниясының бас директоры Арман Байқадам. Ол елдегі инвестициялық ахуалға қатысты сұрақтарға жауап береді. Инвестициялық әлеует пен оның өтеуі бір-бірімен сәйкес келмей жатқанын айтқан кәсіпкер ішкі инвестор мен шетелдік инвестордың айырмашылығына тоқталған. Айтуынша, ішкі-сыртқы инвесторларға теңдей жағдай жасалуы керек. Қалыптасқан жағдайға қарағанда, шетелдік инвесторлармен жасалған келісім-шарттардың негізгі ақпараты жария етілмей келеді. Компанияларға жұмысқа тартылған жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында жалақы екі түрлі төленеді.
«Пайдалы қазбаларды игеруге қатысты келісім-шарт ашық болу керек,» - деген Арман Байқадам мұндай алуандықтың түбі әлеуметтік жарылысқа алып келетінін айтады.
https://youtu.be/PvFEuXsCQtc?si=OPyH-oEp6kFm8HxW
评论
其他材料