Бақытжан Сағынтаев: Полиция жұмысының басты көрсеткіші халықтың сенімі болуы тиіс

2122

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһарымыздағы полиция департаменті және қоғамдық кеңеспен жиын өткізді. Бұл туралы әкім фейзбуктағы парақшасында жариялады.,

Онда қаламыздағы келеңсіз жайттарды және мегаполисте қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті күшейтудің алдағы шаралары талқыланды деп көрсетілген.

"Ұрлыққа, бұзақылыққа, тонауға және нашақорлыққа қарсы күресті барынша күшейту қажет. Мұнда патрульдік полицияның жұмысын қайта қарап, видеобақылау желісін кеңейткен жөн. Полиция департаментіне учаскелік пункттерге тексеру жүргізуді, модернизация бойынша ұсыныс беруді тапсырдым." - деді әкім өз парақшасында.

Бұдан бөлек: "Жергілікті заңнамаға сәйкес бұрын ұсталған заттарды құжатсыз және тіркеусіз өткізу мәселесін зерттеу және ұсыныс беру қажет." - дегенді де атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Сондай-ақ, полиция жұмысын халықтың сенімі арқылы бағалау керек деген уәжді де алға тартты шаһар басшысы.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket