Экс-министр Президент әкімшілігіне қызметке келді

583
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады, “Адырна” ұлттық порталы. 

Асхат Оралов 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы бөлімінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары «Нұр Отан» партиясының филиалында (қазіргі «Аманат»), Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасында, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде қызмет етті.

2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың шілдесіне дейін – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылдың шілдесінен бастап ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарды.

2023 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.

Пікірлер